Атырауда коронавирус жұқтырған 12 адамның жағдайы туралы айтылды

0
595

30 наурыз күні Атырауда коронавирустық инфекцияның тағы алты жағдайы анықталған болатын.


Атырауда коронавирус жұқтырған 12 адамның жағдайы туралы айтылды

ERNUR.KZ. Қазіргі кезде науқастар өзін жақсы сезінеді, көп жағдайда ауру симптомсыз жүруде, деп жазады zakon.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, Атыраудағы коронавирус инфекциясы бар он екі науқастың жағдайы қалыпты.
"Науқастардың көпшілігінде ауру асимптоматикалық жағдайда өтуде, ал, екі емделушіде құрғақ жөтел бар. Олардың барлығы тиісті күтіммен және емдік шаралармен қамтамасыз етілген", - делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыз күні Атырауда коронавирустық инфекцияның тағы алты жағдайы анықталған болатын. Науқастар оқшауланып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды.