Атырауда коронавирустың екі жаңа штамы анықталды

0
1 623

Бұл штамның бразилиялық, ұлыбританиялық немесе оңтүстікафрикалық екені әлі белгісіз.


Атырауда коронавирустың екі жаңа штамы анықталды

ERNUR.KZ. Атырауда коронавирустың екі жаңа штамы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Штамм үлгілері елордаға жіберілді. Бұл штамның бразилиялық, ұлыбританиялық немесе оңтүстікафрикалық екені әлі белгісіз.

Атырау облысының бас санитария дәрігері Мәдениет Танауовтың айтуынша, республикалық зертханаға мутация анықталған 21 сынама жіберілген.

Атырау облысында 2 сәуірде 110 адамнан коронавирус табылған.