Төтеншеліктер саусақтың қысылып, көп жүріп қалуы оның ісінуіне, ақырында тіндердің өліп, іріңдеуіне әкеліп соғуы мүмкін екенін, мұндай жағдайда саусақты кесуге тура келетінін еске салады.
ERNUR.KZ. Атырау облыстық балалар ауруханасына саусағы ісіген 15 жасар бозбала көмек сұрап келді. Өз кезегінде дәрігерлер құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды, деп жазады zakon.kz.
Оқыс оқиға 1 қаңтарға қараған түні орын алды.
Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, құтқару жұмыстарына дереу кірісті, авариялық-құтқару құралының көмегімен жасөспірімнің денсаулығына зиян келтірмей саусақтағы сақина кесіп алынды.Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызмет
Сонымен қатар төтеншеліктер саусақтың қысылып, көп жүріп қалуы оның ісінуіне, ақырында тіндердің өліп, іріңдеуіне әкеліп соғуы мүмкін екенін, мұндай жағдайда саусақты кесуге тура келетінін еске салады. Сондықтан дереу көмекке жүгіну керек.