Атырауда үш адамды өлтірді деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды

0
625

​1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Атырауда үш адамды өлтірді деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Полицейлер атыраулық үш жігітті өлтірді деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

15 наурыз күні кешке белгісіз біреу бір топ адамды автоматпен атып кеткен. Салдарынан 1995 және 1999 жылы туған үш жігіт қаза тауып, тағы біреуі жараланған.
Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай ұсталды.
"Қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға жеке бас араздығының салдарынан болған", - деп pricom басылымы полицияның хабарламасына сілтеме жасады.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.