​Атырауда жоғалған отбасының қызы мен ұлын іздеу тоқтаған жоқ

0
76


​Атырауда жоғалған отбасының қызы мен ұлын іздеу тоқтаған жоқ

Фото: ҚР ИИВ


ERNUR.KZ. Атырау областық ПД Жангелдин ауылында жоғалған отбасы мүшелері Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевты іздеу жұмысы тоқталды деген ақпаратты растамады, деп жазады kaz.inform.kz.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, іздеу тек азаматтар табылған кезде тоқтайды. Сондықтан іздестіру жұмысы әлі жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ТЖД қызметкерлері араласып жатқан жоқ. Яғни, бұл құрылым тарапынан іздеу тоқтаған. Осыған дейін құтқарушылар жергілікті Полиция департаментінің ресми сұранысы негізінде жұмыс істеген.

“ Полиция белгілеген барлық аумақ толықтай тексерілді. Іздестіру жұмыстарын жалғастыруға қатысты Полиция департаментінен қосымша бағдарлау немесе жаңа сұраныстар түскен жоқ “, - деді ТЖД өкілдері.
Полиция департаменті техникалық қажеттіліктер қажет жағдайда іздестіру жұмысына өзге құрылымдар жұмылдырылып жатқанын хабарлады.