Атыраулық оқушы Грекияда өткен ән фестивалінің бас жүлде алды

0
240

Бұл фестивальге әлемнің 19 елінен жас өнерпаздар қатысты.


Атыраулық оқушы Грекияда өткен ән фестивалінің бас жүлде алды

Фото: Атырау облыстық білім басқармасы

ERNUR.KZ. Атыраулық оқушы Дилназ Ежірова ағылшынша ән орындап, Грекияда өткен ән фестивалінің бас жүлдесін иеленді, деп жазады inbusiness.kz.

Атырау облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жас өнерпаз Грекияда "Greece Hope" халықаралық фестивалінде бақ сынаған.

"Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Дилназ Ежірова ағылшын тіліндегі "Love Story" әнін орындады. Қазылар алқасы қазақстандық оқушының ерекше дауысы мен сахнада өзін ұстау мәдениетіне тәнті болып, бас жүлдеге лайық деп тапты", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ұстазы Алма Нұрашеваның айтуынша, 13 жасар әнші Дилназ Ежірова бұған дейін бірнеше рет республикалық және халықаралық байқауларда өнер көрсеткен. Ол – вокаль жанрында үздік нәтиже көрсетіп жүрген талантты шәкірт.

"Дилназдың бұл жеңісі – шығармашылығындағы жаңа жетістігі. Мұны еліміздің өнер саласына қосылған зор үлес деуге болады. Әлемдік өнер сайысында еліміздің атын асқақтатқан жас әнші болашақта жаңа жетістіктерге жетуге талпынады. Өйткені, ол – жас болса да таланты шыңдалып келе жатқан өнерпаз", – дейді Алма Нұрашева.