«Базар жоқ! Мына ыстықта 10 - 20 минутта есік алдындағы кафельге табаны қойып, жұмыртқа пісіруге болады екен. Жұмыртқа жейсің бе?.. Тұз салдың ба?..»
ERNUR.KZ. Атыраулық тұрғындар аптап ыстықта далаға жұмыртқа қуырып, эксперимент жасаған видеосы әлеуметтік желіде таралды.
Әлеуметтік желідегі бейнежазбада көрсетілгендей, "күннің ыстықтығына экспертиза" деп жігіт отбасымен бірге есік алдында жерге қойылған табаға жұмыртқа қуырып көріп жатыр.
«Базар жоқ! Мына ыстықта 10 - 20 минутта есік алдындағы кафельге табаны қойып, жұмыртқа пісіруге болады екен. Жұмыртқа жейсің бе?.. Тұз салдың ба?..», - деп әзілдейді эксперимент авторлары.
Видео әлеуметтік желіден алынды.