Әуе кеңістігі жабық: Air Astana Үндістанға рейстерді тоқтатты

0
138

Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылады.


Әуе кеңістігі жабық: Air Astana Үндістанға рейстерді тоқтатты

фото : Официальный телеграм-канал Air Astana

ERNUR.KZ. Air Astana әуе компаниясы Үндістаннан және Үндістанға ұшатын жолаушыларға қатысты шұғыл ақпарат таратты, деп жазады sputnik.kz.
"Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейстерін және Алматы – Мумбай – Алматы бағыты бойынша KC 291/292 рейстерін тоқтатуға мәжбүр", - деп жазылған хабарламада.
Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылады.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы ел азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.