Ауғанстанда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

0
1 726

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 850 шақырым қашықтықта болған.


Ауғанстанда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 21 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 10:40-та жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 850 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында жатыр.

Энергетикалық санаты – 12.0.

MPV магнитудасы – 5.5.

Зілзаланың бағыты 37.05° с.е. 77.99° ш.б.

Тереңдігі - 180 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат: жоқ