Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті

0
564

Мемлекет басшысы көп жағдай Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің іс жүгіндегі алдағы қадамына, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті шешімдеріне байланысты болатындығын баса айтты.


Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті

ERNUR.KZ. Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет. Бұл туралы Душанбеде өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады inform.kz.

«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасауы қажет. Мұндай коммуникация тәліптерінің шынайы ниетін бағалауға, сын-қатерге, өңірлік тұрақтылыққа қатысты жалпы пайым жасауға және бұлелмен сауда-экономикалық байланысты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұған қоса, бұл кезеңде ресми тану туралы сөз қозғалып отырған жоқ», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы көп жағдай Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің іс жүгіндегі алдағы қадамына, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті шешімдеріне байланысты болатындығын баса айтты.


«ШЫҰ мен ҰҚШҰ мүдделері және бірлескен күш-жігері ұштасып, ұланғайыр өңіріміздің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуындағы өзекті проблемаларды шешудегі әрекеттеріміздің жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев