Аулада атылған фейерверк үшін қандай жаза қарастырылған – полиция ескерту жасады

0
1 217

Отшашуды құрылыс нысандарынан кем дегенде 50 метр шалғай жерде ату керек.


Аулада атылған фейерверк үшін қандай жаза қарастырылған – полиция ескерту жасады

ERNUR.KZ. Әкімшілік полиция комитеті жаңа жыл мерекесі кезінде фейерверк атуға қатысты ескерту жасады, деп жазады sputnik.kz.

Комитеттің басқарма бастығы Асылбек Ыдырысовтың айтуынша, отшашуды құрылыс нысандарынан кем дегенде 50 метр шалғай жерде ату керек. Сосын ағаштың түбінде, я болмаса, электр желілердің астында және тез тұтанатын заттардың маңайында қолдануға тыйым салынған.
"Бұдан бөлек, көлік тұрағында фейерверк атуға болмайды. Кешкі уақытта тыныштықты бұзуға қатысты заң нормаларын да ұмытпау керек. Адамдар осындай заң бұзушылықты көрсе, бәрін видео мен фотоға түсіріп алуға болады. Сосын полицияға хабар беру керек", - деді Ыдырысов бүгінгі онлайн брифингте.
Ал Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 436-бабына сәйкес, пиротехниканы қолдана отырып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Заңды кәмелетке толмаған балалар бұзса, олардың ата-анасына ескерту жасалады немесе 69 мың теңгенің айыппұлы салынады.
Бұдан басқа, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жаза да бар. Оған сәйкес, жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты сақтау қажет. Осы талапты бұзған үшін де айыппұл қарастырылған.
жеке тұлғаларға – 17 250 теңге;
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 69 мың теңге;
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 103 500 теңге;
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 345 мың теңге;