Жер сілкінісі кеше түстен кейін болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының Құлан ауылында сезілген 6 балдық жер сілкінісінің видеосы тарап жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жер сілкінген сәт ауылдағы үйдің ауласында орнатылған бейнекамераға түсіп қалған.
Кеше, 8 шілде түстен кейін Жамбыл облысының бірнеше елді мекенінде жерасты дүмпулері сезілді. Құлан ауылында жер сілкінісі 6 балға жеткен. Мерке ауылында 5 балды құраған.
Жамбыл облысы әкімдігінің ақпаратынша, жер сілкінісінен Құлан ауылында бір жер үйдің, сондай-ақ аудандық архив ғимаратының сыртқы қабырғалары мен төбесіне шамалы зақым келген. Абай ауылдық округінде тағы бір жер үй аздап бүлінген.
Әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым нысандарына ешқандай зақым келген жоқ.
Төтенше жағдайдан кейін облыстық ТЖД-ның ахуалдық орталығында өңірлік жедел штаб құрылып, 8 (7262) 51-35-75 нөмірі бойынша «қауырт желі» іске қосылды.