Ауруханаларда қызмет көрсету құны қымбаттады

0
540

​Перзентханаларда да бұл көрсеткіш артты.


Ауруханаларда қызмет көрсету құны қымбаттады

ERNUR.KZ. Биылғы жылдың қазан айының соңында аурухана қызметтерінің бағасы айлық динамика бойынша 0,3%-ға, жылдық динамика бойынша 10,1%-ға өсті, деп жазады inbusiness.kz.

Баға әсіресе Алматыда (20%-ға) айтарлықтай артқан. Қымбатшылықты Түркістан (18,1%) және Павлодар (15,6%) облыстарының тұрғындары сезінді. Бағаның ең аз өсуі Ақтөбе облысында (жылына 0,8%-ға) тіркелді. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аурухана қызметтері 618,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 60,3%-ға артық.

Салыстырмалы түрде алсақ, 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында қызмет көрсету көлемі жылына 12,9%-ды құрап, 385,9 млрд теңгені құрады. Қызметтердің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді: 547,8 млрд теңге (+56,7%). Халықтың қаражаты есебінен қызмет көрсету 66,7%-ға, 38,7 млрд теңгеге, кәсіпорындар есебінен 2,4 есеге, 32,2 млрд теңгеге өсті.

Өңірлік тұрғыда сектордағы қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматы қаласына тиесілі: 99,4 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 67,2%-ға артық. Үздік үштікке сондай-ақ Нұр-Сұлтан (79 млрд теңге, + 79,2%) және Түркістан облысы (56,3 млрд теңге, +74,9%) кірді.

Қызмет көрсетудің ең аз көлемі Атырау облысында тіркелді: бар болғаны 11,7 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 33,4%-ға артық. Жыл басынан бері ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінің қызметі 107,2 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 33,9%-ға қымбаттады. Ауруханалар мен перзентханалардың гинекологиялық бөлімшелерінің қызметі – 55,5 млрд теңгені, оңалту орталықтарының қызметі – 27,2 млрд теңгені, психиатриялық стационарлардың қызметі – 19,9 млрд теңгені құрады.