ERNUR.KZ. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің екі вице-министрі қызметінен босатылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.