​Автобус жүргізушілері мен жолсеріктердің жалақысы екі есеге өсті

0
2 464

Қараша айынан бастап қоғамдық көлік жүргізушілері 300 мың теңге жалақы алатын болады


​Автобус жүргізушілері мен жолсеріктердің жалақысы екі есеге өсті

сурет:tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Атырауда автобус жүргізушілер мен жолсеріктертің жалақысы екі есеге өсті. Бұл туралы «Смарт-Атырау» КММ басшысы Әділбек Танкиев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әділбек Танкиевтің айтуынша, қараша айынан бастап қоғамдық көлік жүргізушілері 110 мың теңгенің орнына 300 мың теңге жалақы алатын болады, жолсеріктер жалақысы 45 мың теңгеден 85 мың теңгеге өскен.

«Бұл шаралар қоғамдық көліктерде жолақы төлеудің электронды жүйесі тиімді енгізілгендіктен қолға алынды. Осы арқылы жолаушылардың қозғалысын басқару, тасымалдаушы мекемелер кірістерінің ашықтығы, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін арттыру көзделіп отыр. Жалақы барлық тасымалдаушы мекемелердің емес, тек санаулы мекемелердің жүргізушілері мен жолсеріктерінде ғана ғана өсті»,- деді Әділбек Танкиев.

Айта кетейік, қазіргі таңда электронды билет жүйесі 6 автобусқа енгізілді - №2, 4, 5, 10, 12, 14. №1 және 20 бағдардағы автобустарда жүйе 1-2 күнде іске қосылады. Жолақы төлеу картасы қаладағы ірі сауда орындарында орналасқан 11 нүктеде сатылады. Сонымен қатар, жалақыны 7 төлем жүйесі арқылы төлеуге болады.

«Біз көлік жүргізу санаты сәйкес келетін жүргізушілерді келісімшартқа отыруға шақырамыз»,- деп толықтырды Әділбек Танкиев.