Автокөлігімен жардан құлаған жүргізуші қайтыс болды

0
482

​Үйінен шығып, жоғалып кеткен Маңғыстау облысы тұрғынының мүрдесі табылды.


Автокөлігімен жардан құлаған жүргізуші қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Жоғалған адам жол-көлік апатынан қайтыс болған.

«Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне жоғалған адамның әйелі хабарласып, күндіз автокөлігін мініп кеткен жолдасы байланысқа шықпай жатқанын баяндады. Жедел іздестіру нәтижесінде автокөлік иесі Қызыл-Өзен кентінен табылды. Автокөліктің ішінде жүргізуші ғана болды. Ол жол апаты кезінде ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған», – деп нақтылады полиция департаменті.