Автокөлікті лизингке алу: ережелерге толықтырулар енгізілді

0
117

Бұған дейін Қазақстанда барлық азаматтарға арналған автокөлік лизингі бағдарламасы іске қосылатынын және ол қай кезде автонесиеден тиімдірек болатынын жазған едік.


Автокөлікті лизингке алу: ережелерге толықтырулар енгізілді

ERNUR.KZ. 2 қарашада ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бұйрық жобасы бойынша қоғамдық талқылау аяқталды. Бұл құжат қазақстандықтарға жеке мақсатта пайдалануға арналған автокөліктерді лизингке алу мүмкіндігін қарастырады, деп жазады baq.kz.

Енді жеке тұлғалар жаңа автокөліктерді кейіннен сатып алу немесе лизинг берушіге қайтару құқығымен лизингке ала алады. Тиісті өзгерістер министрдің бұйрығымен Ішкі сауда қағидаларына енгізілді.

Жаңа көлік құралдарын беру жеке тұлғаларға оларды жеке пайдалану үшін лизингке беру түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте көлікті кейін сатып алу немесе лизинг берушіге қайтару құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын лизинг шартымен айқындалады, – делінген құжатта.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда барлық азаматтарға арналған автокөлік лизингі бағдарламасы іске қосылатынын және ол қай кезде автонесиеден тиімдірек болатынын жазған едік.