«Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары ғалымдарымыз, жалпы біздің халық бір жаңалықты көріп қалса, бірден ұрандатып кететін. Шетелдің және орыстардың сөздерінен құтылғымыз келді. Барлық аударманы жасадық. Айтуға ұяласың», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кейбір терминдерді мемлекеттік тілге аударуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
«Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары ғалымдарымыз, жалпы біздің халық бір жаңалықты көріп қалса, бірден ұрандатып кететін. Шетелдің және орыстардың сөздерінен құтылғымыз келді. Барлық аударманы жасадық. Айтуға ұяласың», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы бірнеше мысал келтірді. «Процент» сөзін түркі тілдес сөзге емес, керісінше, парсы тіліне аудардық – «пайыз» деп. Мен мұнымен келіспеймін. Маған марқұм Еркеғали Рахмадиев былай дейтін: «Мен композитор болдым, кейін "сазгер" болдым» Композитор, пианино сөздерінің несі жаман? Бұлар халықаралық сөздер ғой. Пианино сөзін «күй сандық» деп аудардық. Жалпы, тілімізді байыту үшін кейбір сөздерді аудардық»,-дейді Президент. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мұндай терминологияны қазақ тіліне аудару міндетті емес екенін айтып өтті. "Халықаралық терминдер қазақ тіліне енсе, ол тек қазақ тілін байытады. Мұнымен қоса, ол сөздердің санын арттырады", - деді Президент.
сурет: tengrinews.kz