Аза тұту күні жаңа жылды тойлатқан Ерейментау әкімі жазаға тартылды

0
822

2019 жылғы 28 желтоқсан Жалпыұлттық аза тұту күні Ерейментау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары жаңа жылдық кеш өткізген.


Аза тұту күні жаңа жылды тойлатқан Ерейментау әкімі жазаға тартылды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі кезекті отырысы өтті. Онда Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжановқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп жазады ҚазАқпарат.

Кеңесте айтылғандай, 2019 жылғы 28 желтоқсан Жалпыұлттық аза тұту күні Ерейментау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары жаңа жылдық кеш өткізген. Кешке Ерейментау ауданы әкімі Абай Әлжанов қатысқан.

Әкімнің Әдеп кодексі талаптарын осылайша бұзылуы қоғам тарапынан сынға ұшырады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдерімен аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілілді.

Оқиғаны тергеу барысында әкімдіктің және ауданның басқа да жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғалары, аудан ұйымдарының қызметкерлері сұралып, істің мән-жайына қатысты материалдар тексерілді,- деді Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті баспасөз хатшысы Жазира Тоқтар.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған еді.