Мүлкі жоқ әлеуметтік осал адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.
ERNUR.KZ. Банкроттық процесті іске асыруға кім көмектесе алады? Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтіп жатқан брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтып берді, деп жазады baq.kz.
"Қазіргі таңда қаржы басқарушылары заңнама бойынша көрсетілген. Олар сот банкроттығы рәсімін жүзеге асырады", - деп айтты вице-министр.
Біржанов ол жұмысты іске асыруға кім көмектесе алатынына тоқталды.
- Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
- Кәсіби бухгалтерлер;
- Заң кеңесшілері;
- Аудиторлар.
"Оларға қосымша талаптар қойып жатқан жоқпыз. Елімізде кеңінен тараған палаталар арқылы осы тізімге жататындар бізге арыз беру арқылы реестрге қосыла алады. Мамандардың жалақысы заңнамада көрсетілген. Қызметтері ақылы, борышкердің мүлкі есебінен — айына бір ең төменгі жалақыны ғана ала алады. Яғни 2023 жылы бұл 70 мың теңге. Айына осы сомадан артық ақша ала алмайды", - деп түсіндірді Қаржы министрлігі өкілі.
Мүлкі жоқ әлеуметтік осал адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.