Азаматтар көліктің нөмірін өздері таңдайтын болады

0
849

Көлік иелерінде мұндай мүмкіндік осы жылы пайда болады және ол әкімшілік полиция қызметіндегі коррупциялық қатерді жоюға мүмкіндік бермек.


Азаматтар көліктің нөмірін өздері таңдайтын болады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиналыста тұрғындардың көшіп-қонуы және әкімшілік полиция саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі қаралды.

ҚР ІІМ көші-қон қызметі Комитеті төрағасының орынбасары Ырысбек Исаев әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында 2018 жылдың соңына дейін барлық облыс орталықтарында әкімдіктермен бірлесе отырып халыққа көші-қон қызметін көрсету Орталықтарын ашу жоспарланғанын айтты.

Өз кезегінде, ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Кеңіспаев Арнаулы ХҚО-ларда азаматтар көлік құралдарына мемлекеттік баж салығы енгізілгеннен басқа кез келген мемлекеттік нөмірлерді таңдау құқына тоқталып өтті. Көлік иелерінде мұндай мүмкіндік осы жылы пайда болады және ол әкімшілік полиция қызметіндегі коррупциялық қатерді жоюға мүмкіндік бермек.

Бөлісу