Азаматтық некедегі әйелін сабады деп айыпталған Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

0
453

Екі жақтың бір келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.


Азаматтық некедегі әйелін сабады деп айыпталған Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

ERNUR.KZ. Желіде қоғам қайраткері Арман Шораевтың әйелді соққыға жыққан видеосы тараған еді. Араға уақыт салып Шораевқа қатысты қылмыстық істің тоқтағаны белгілі болды, деп жазады stan.kz.

Журналистің мәліметіне сәйкес екі жақтың бір келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Еске салайық, қоғам белсендісі Арман Шораевтың елорда көшелерінің бірінде азаматтық некедегі жұбайын ұрып-соққан видеосы тараған еді. Алайда Шораевтың өзі бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.

Ол Facebook желісінде "жасанды интеллекттің құрбаны болғанын" және журналиске қарсы арыз түсіретінін хабарлады.

"Мұның бәрі өтірік. Мен ешқашан ешкімді ұрған емеспін. Бұл арандатушылық және қара пиар үшін Козачковқа ақша төленеді", — дейді Арман Шораев.