Қазақстан Сириядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

0
1 299

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Сириядағы жағдайға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырды.


Қазақстан Сириядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қайрат Омаров. © twitter.com/UnitedNationsRU
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Сириядағы жағдайға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан тараптарды БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты бұзбауға шақырады. Біз Думадағы химшабуылдарға қатысты жағдай бойынша БҰҰ ҚК мүшелері арасындағы бірліктің жоқтығына алаңдаушылық танытамыз. Қазақстан химқаруды қолдануды айыптайды және зерттеу жүргізу қажет деп есептейді", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, Омаров Сириядағы жағдайды саяси реттеу жолдарын іздестіру бойынша Астана және Женева процестерінің міндеттерін одан әрі қолдау керек екенін мәлімдеді. Еске сала кетейік, 14 сәуірде таңертең АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері сириялық үкіметтік нысандарды зымырандармен атқылады, олардың ойынша, сол нысандар химиялық қаруды өндіру үшін пайдаланылады. Сирияға жүзден аса зымыран тасталды.