COVID-19 вирусы көбірек тарауына байланысты қайта вакцинациялау қажет.
ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі коронавирусқа қарсы вакциналардың дозасы туралы айтты. Ол COVID-19 вирусы көбірек тарауына байланысты қайта вакцинациялау қажет екенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
Министрдің айтуынша, қазір коронавирусқа қарсы 500 мың доза вакцина бар.
"Олар - QazVac және Sinopharm вакциналары. Қазір құжаттарға қол қойып жатырмыз. Бізге гуманитарлық көмек - Pfizer вакциналары келіп жатыр. Келесі аптада Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін жариялаймыз. Олар вакцинация алғысы келетін халықтың барлық санатына арналған. Коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина болады", - деді Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, жаппай егу жүргізілмейтіндіктен, ревакцинация негізінен бустерлік дозалармен жүргізіліп жатыр. Вакцинация қазір негізінен емханаларда.
Министр ревакцинацияны жүргізу керек деп есептейді.
"Бүгінде бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші өсіп жатыр. Әсіресе, көршіміз Қытайда, Әзірбайжанда, Израильде және басқа да бірқатар елдерде аурушаңдық күрт өсіп жатыр. Сондықтан біз де халықты хабардар еткіміз келеді. Бұл ревакцинация қажет деген сөз және ол үшін вакциналар бар", - деді Ажар Ғиният.
Ол вакцинация алдында науқастарды профилактикалық тексеруден өткізу міндетті екенін еске салды. Қараша айының басында Қазақстанда коронавирус жұқтыру өскені байқалды.