Әзілге бола 5 жыл: ІІМ “телефон терроризмінің“ салдары туралы ескертті

0
130


Әзілге бола 5 жыл: ІІМ “телефон терроризмінің“ салдары туралы ескертті

Midjourney

ERNUR.KZ. 2024 жылы ішкі істер органдары әртүрлі нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы көрінеу жалған хабарламалар бойынша 247 қылмыстық іс тіркеді, деп жазады tengrinews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, "жалған терроризм" фактілері үшін 48 күдікті ұсталды, олардың 15-і - кәмелетке толмағандар. Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке 13 адам, оның ішінде бір жасөспірім тартылды.

"Егер жалған хабарламаны таратқан адам кәмелетке толмаса, оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Былтыр мұндай шара алты ересек адамға қолданылды. Сонымен қатар сот шешімімен жалған шақырту салдарынан объектінің иесіне немесе мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы қылмыскерге талап-арыз қойылады. Залал мөлшері екі миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.