Парламент депутаттары бағаны бұрынғы деңгейге келтіруге тырысқанымен, дизель отынының бағасы әлі көтерілуде.
ERNUR.KZ. Парламент өкілдері дизель отынына қатысты баға келісімі болуы мүмкін дейді. Депутаттар биліктен тексеріс ұйымдастыруды талап етіп, бірінші кезекте жанармай құю бекеттеріндегі бағаның өсуі қаншалықты заңды екені қызықтыратынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
“Баға өзгерісінің нарықтағы жағдаймен және монополистердің заңсыз әрекетімен қаншалықты байланысты екенін анықтау қажет. Тексеріс нәтижесі бойынша ретке келтіріп, кінәлілерді жауапқа тарту қажет. Сонымен қатар бағаны тұрақтандыруымыз керек”, – дейді мәжіліс депутаты Серік Ерубаев.
Парламент депутаттары бағаны бұрынғы деңгейге келтіруге тырысқанымен, дизель отынының бағасы әлі көтерілуде. Бір литрдің бағасы 300 теңгеге дейін жеткен. Парламентте "Ақ жол" партиясының өкілдерін Халық партиясы да қолдаған. Депутаттар елде мұндай жағдайдың жыл сайын орын алатынын және шенеуніктердің жауабы да бір екеніне ашуланды.
Айқын Қоңыров мемлекеттік органдарды сынға алды. Ресейден қымбат бағаға сатып алынған жанармайды негізге алып, мұнай саласын шығына ұшыратты деп мәлімдеді. Депутаттар наразылықтарын білдіріп, жүргізіліп отырған саясатты қайта қарау керектігін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін елде газ бағасы өскенін мәлімдеген едік.