Бағдат Мәнізоров «алаяқтық жасады» деген күдікке ілінді

0
483

Негізі ақпарат өткен аптада тараған болатын.


Бағдат Мәнізоров «алаяқтық жасады» деген күдікке ілінді

фото кадрдан

Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоров «аса ірі көлемде алаяқтық жасады» деген күдікке ілінгені расталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Негізі ақпарат өткен аптада тараған болатын. Бірақ Бас прокуратура енді ғана растап отыр. Экс-шенеунікке қатысты тергеуді де осы қадағалаушы орган жүрзігізіп жатыр.

Деректерге қарағанда, Мәнізоровқа қатысты базар құрылысы бойынша арыз түскен. Шағымданушы өзіне 6 млн доллар шығын келгенін айтыпты-мыс.

Еске салайық, Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат 2019 жылы да шыққан болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны пара алды деп ашық айтқан. Бірақ іс кейін жабылып тынған еді.