Спутникті ұшыру және ажырауы, сондай-ақ орбитаға шығуы штатты режимде өтті.
ERNUR.KZ. Байқоңыр ғарыш айлағынан Жерді қашықтықтан зондтауға арналған "Ресурс-П" №4 спутнигі бар "Союз-2.1б" зымыраны ұшырылды, деп жазады sputnik.kz.
Спутник ұшырылғаннан кейін 9 минут 23 секунд өткен соң зымыранның үшінші сатысынан бөлінді, деп хабарлады корпорация.
Корпорацияның Мәліметінше, оны қоршаған ортаның ластануы мен нашарлауын бақылау, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, мұз жағдайын бағалау, төтенше жағдайларды бақылау, топографиялық және навигациялық карталарды жасау және жаңарту үшін де пайдалануға болады.
Бұған дейін Жер серігі 70 сантиметрлік мүмкіндікпен Жерді суретке түсіре алатыны хабарланды.