Рейстер аптасына бір рет орындалады.
ERNUR.KZ. Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың 5 маусымынан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы Алматы – Манама (Бахрейн) бағыты бойынша маусымдық рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына бір рет орындалады.
Бахрейнге әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, мәдени және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.