​Бакуден Ақтауға бағыт алған ұшақтан ақау шықты

0
208

Ұшақ Бакуден Ақтауға бағыт алған және бортта жолаушылар болмаған.


​Бакуден Ақтауға бағыт алған ұшақтан ақау шықты

Фото: aktau-airport.kz

ERNUR.KZ. Әзербайжан астанасы Бакуге келген ұшақтан ақау бары анықталды. Әуе бортында жолаушылар болмаған, деп жазады inform.kz.

"Ақтау қаласы әуежайының әуеайлақ және жерүсті қызметтері әуе кемесін ұшу-қону жолағынан сүйрету (сүйемелдеп шығару) жұмысын атқарды. Ұшақтың қонуы штаттық режимде болды, қонғаннан кейін әуе кемесінде ақау бары анықталды", — делінген хабарламада.

Ұшақ Бакуден Ақтауға бағыт алған және бортта жолаушылар болмаған.
"Қазір әуежай ашық, штаттық режимде жұмыс істейді", — дейді ведомстводан.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Өкінішке қарай, мерт болған жандардың арасында 6 Қазақстан азаматы бар.
Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты халықаралық әуе көлігі ассоциациясының (IATA) бас директоры Вилли Уолш мәлімдеме жасады. Ол әуе апатының себебін анықтаудың мұқият, ашық әрі бейтарап болуы керектігін айтты.