Бақытгүл Хаменоваға қатысты соттың қашан қайта жалғасатыны белгілі болды

0
866

Оған "пара берді" деген айып тағылып отыр.


Бақытгүл Хаменоваға қатысты соттың қашан қайта жалғасатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 5 қыркүйекте қайта жалғасады, деп жазады nur.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, сотта куәгерлер Атырау қалалық мәдениет және спорт бөлімінің есеп және есептеу бөлімінің меңгерушісі Лиза Укешова мен Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жексенбай Фазуловтың жауабы тыңдалған. Олардан өзге үш куәгер белгісіз себептермен сот процесіне келмей қалған.
Енді соттың келесі отырысы 5 қыркүйекте жалғаспақ.
Еске салайық, 2021 жылдың желтоқсанында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталды. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Айыпталушылардың қатарында "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов та бар. Оған "пара берді" деген айып тағылып отыр.
Хаменова өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ.