Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы болды

0
1 898

Жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.


Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы болды

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев бұл қызметке 2019 жылдың наурыз айында тағайындалған еді. 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне кіріскеннен кейін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігін тоқтатпай, оларға жаңа тағайындауларға дейін лауазымдық міндеттерін атқаруды тапсырды.

дереккөз: Ақорданың ресми сайты