Балабақшада көз жұмған бүлдіршіннің анасына қатысты тың ақпарат белгілі болды

0
631

Ол бұған дейін үлкен қызын қараусыз қалдырып, істі болған.


Балабақшада көз жұмған бүлдіршіннің анасына қатысты тың ақпарат белгілі болды

иллюстрациялық фото

Балабақшада көз жұмған бүлдіршіннің анасы бұған дейін үлкен қызын қараусыз қалдырып, істі болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Бүлдіршін балабақшада көз жұмды. Бұл жағдай елордадағы жеке балабақшалардың бірінде болған. Білім басқармасының мәліметінше, анасы кенже қызын тәулік бойы қарайтын бақшаға берген.

Онан кейін әйел балабақшаның ақысын төлемей, қызына бір айдан астам уақыт келмеген көрінеді. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал бұған дейін ол әйел үлкен қызын да қараусыз қалдырып, істі болған. Сот шешімімен оның аналық құқығы шектелген.

"2 жасар қызды анасы жеке балабақшаға қалдырып кеткен. Бастапқыда ақшасын төлеп жүрген, бірақ кейін төлемей қойған. 11 сәуірде бүлдіршін көз жұмды деген ақпарат бар. Бала жуындырып жатқан кезде суға батқан. Үлкен қызына да анасы көңіл бөлмеген. Қазіргі таңда ана құқығынан шектелді. Алимент өндірілді", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марина Кушакова.