Балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылады

0
791

Ғимарат жөнделген соң 300 орындық мемлекеттік балабақшаның жұмысы қалпына келтіріледі.


Балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылады

ERNUR.KZ. Қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мектеп мен балабақшада орын тапшылығын азайту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді, деп жазады baq.kz.

Қыркүйек айында Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық Prometheus school жеке мектебін ашу көзделіп отыр.

Қараша айында №16 мектеп ғимаратына 350 орындық жапсаржай құрылысына арналған құжаттаманы әзірлеу басталады. Құрылыс 2024 жылдың наурыз айына жоспарланған. 2023 жылдың шілдесінде аяқталатын №15 гимназияның сейсмотұрақтылығын күшейтуге қатысты күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы кездесуде №136 және 58 мектептің жағдайы сөз болған еді. Екі мектеп те жоспарға енгізілді. 2023 жылдың шілдесіне дейін ғимараттарды күрделі жөндеп, сейсмикалық күшейтуге құжаттама әзірленеді.

Әйтеке би-Мәуленов көшесіндегі жалға берілген бұрынғы балабақша ғимараты алынды. Енді ғимаратты күрделі жөндеу қажет. Құрылыс 2023 жылдың екінші тоқсанында басталады. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Тілендиев көшесіндегі бұрынғы балабақша ғимараты қайтарылуда. Ғимарат жөнделген соң 300 орындық мемлекеттік балабақшаның жұмысы қалпына келтіріледі.