Балабақшаларда бөлке нанның орнына тандыр нан беру ұсынылды

0
685

Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Досыбаева ұсынысты талқылайтынын айтты.


Балабақшаларда бөлке нанның орнына тандыр нан беру ұсынылды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Досыбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде оқу жылының қорытындысын жариялады, деп жазады baq.kz.

Ол брифингте 2022-2023 оқу жылының қорытындысы, жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамту, жазғы сауықтыру, білім беру ұйымдарының күрделі жөндеу жұмыстары жайлы мәлімдеді.

Брифинг аяқталған соң Білім басқармасы басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Мемлекеттік балабақшалардың ас мәзіріне жеміс-жидектерді қоссаңыздар және бөлке нан емес, тандыр нан беруді енгізсеңіздер, - деп Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне оқырман ұсынысын жолдады.

Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Досыбаева ұсынысты талқылайтынын айтты.

Сұрақ назарға алынды, ұсынысты талқылаймыз, - деп жауап берді ол.