Бұл туралы Ажар Ғиният Сенат аясында түсіндірді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда балаларды папиллома вирусына қарсы вакцинациялау жоспарлануда. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Халыққа онкологиялық көмекті жетілдірудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленуде. Бұл тұрғыда папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды енгізу және қатерлі ісік ауруларына қарсы профилактика жүргізу көзделген
Бұл туралы Ажар Ғиният Сенат аясында түсіндірді. Ол иммундау жұмыстары ата-аналардың келісімімен жоспарланғанын атап өтті.
"Биыл нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және бюджетті қорғау мәселесі талқыланады. Жұмысты келесі жылдан бастаймыз", – деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, негізінен кәмелетке толмағандар вакцинацияланады. Сондай-ақ министрдің болжамы бойынша, егер жоба ұлттық күнтізбеге түссе, онда ол тегін болады.
Папиллома вирусы жатыр мойны оба ауырын қоздырады. HPV вакцинасы жыныстық қатынасқа қатысу кезеңіне дейін жасалады. Қазақстанда 2013 жылы жасөспірім қыздарды HPV-ге қарсы вакцинациялау бойынша пилоттық жоба жүргізілді, бірақ оны тоқтатуға тура келді.