Балаларға 324 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

0
609

Биыл МӘМС бойынша бір балаға жұмсалатын шығын 54,1 мың теңгеден 65,8 мың теңгеге дейін ұлғайды.


Балаларға 324 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

ERNUR.KZ. Осы жылдың 9 айында балаларға 324 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, республика бойынша 6 млн 568 мыңнан астам бала емханаларға тіркелген.

"Былтыр ТМККК және МӘМС аясында балаларға 350 млрд теңгеге медициналық көмек көрсетілген. Биыл 33%-ға өсім күтілуде. 2022 жылдың 9 айында 324 млрд теңгеге медициналық қызметтер көрсетілді", - деп жазылған ӘМСҚ хабарламасында.

Қаражаттың басым бөлігі амбулаториялық-емханалық көмекке жұмсалған. Оның жалпы көлемі - 232 миллиард теңге.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілгелі медициналық оңалту қарқынды дамып отыр. Балалар медициналық көрсетімдер бойынша оңалтуға тегін жіберіледі.

"МӘМС жүйесі халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін стоматологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сараптама нәтижелері көрсеткендей, МӘМС бойынша стоматологиялық көмектің негізгі тұтынушылары – балалар. Осы жылдың 9 айында 25,1 млрд теңгеге 8,8 млн-ға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілді", – делінген хабарламада.