Балаларға арналған жеке SIM-карта жасау ұсынылды

0
608

Ол балалардың қандай интернет ресурстарға кіретінін бақылау үшін енгізілмек.


Балаларға арналған жеке SIM-карта жасау ұсынылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз бабаларға арналған SIM-карта жасауды ұсынып отырмыз. Ол ата-аналардың бақылауында болады. Бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады. Осындай жүйені енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Тағы бір мәселе, ол карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектей аламыз. Кейде бала түн ортасында интернетте отыратын жайттар болады", - деді вице-министр.