"Мумбаи отелі: Тайталас" фильмі прокаттан алынды.
ERNUR.KZ. Субтитры қазақ тіліне сапасыз аударылған "Мумбаи отелі: Тайталас" фильмінің прокат куәлігі қайтарылып алынды, деп жазады sputniknews.kz.
Алдымен министр өткен жылы күшіне енген "Кинематография туралы" заңға тоқталып өтті. Оның пікірінше, мұнда шешілмеген мәселе бар.
"Заңға сәйкес, прокаттағы фильмдерді титрмен беру немесе дубляж арқылы мемлекеттік тілге аударуды кинопрокат құқығын иеленуші дистрибьютор қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілге кәсіби дубляж жасалған фильмдер сирек кездеседі. Дистрибьюторлар бұған дубляждың қымбат болуы себеп екенін айтып отыр. Оған жұмсалған қаржы фильмнің Қазақстандағы көрсетілімінен түскен пайдадан асып кетуі мүмкін", - дейді Арыстанбек Мұхаммедиұлы.
"Мумбаи отелі: Тайталас" режиссер Энтони Марастың америкалық-австриялық триллері. Басты рөлдерді Арми Хаммер мен Дев Патель сомдады. Фильмнің премьерасы 2018 жылдың 7 қыркүйекте Торонтодағы халықаралық кинофестивальде өтті.