Баласын жылу батареясына байлап, соққыға жыққан әйелдің ақыл-ойында кемістік бар деп танылды

0
336

17 ақпанда сот әйелдің ақыл-ойында кемістік бар деп таныған, осылайша ана қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.


Баласын жылу батареясына байлап, соққыға жыққан әйелдің ақыл-ойында кемістік бар деп танылды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Жетісу облыстық соты Жаркентте баласын жылу батареясына байлап, аяусыз соққыға жыққан 28 жастағы әйелдің ақыл-ой кемістігі бар деп таныды, деп жазады zakon.kz.

Еске салсақ, жаға ұстатарлық жағдай бір ай бұрын Жаркент қаласында болған. Суды өшірмеген төрт жасар баласын әйел жылу батареясына байлап, аяусыз соққыға жыққан. Ал, оқиғаның барысын әйелдің танысы таспалаған.

17 ақпанда сот әйелдің ақыл-ойында кемістік бар деп таныған, осылайша ана қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

"Сараптамамен сотталушы іс-әрекет жасау кезеңінде өз іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмайтындығы анықталды. Сот сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты және оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды", – деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.