Оқиға Балқаш көлінің Үлкен ауылындағы жағажайда болған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Балқашта демалушылар шомалып жатқан жерде ойқастап, арлы-берлі жүрген көліктің видеосы тарады. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп жазады stan.kz.
Оқиға Балқаш көлінің Үлкен ауылындағы жағажайда болған.
Мәліметке сәйкес, жүргізуші жағалауда көлігімен жүйткіп жүрген. Сол сәтте маңайда ересектермен бірге балалар да суға шомылып жатқан.
Куәгерлердің айтуынша, олар жүргізушіден тоқтауын бірнеше рет сұраған. Алайда ол ескертулерге құлақ аспаған.
Полиция тәртіп бұзушының жеке басын анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.


