Астанада ер адам саябақта қызға тиісті деген күдікпен ұсталды

0
138

Полицияның мәліметінше ер адамға ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғалған.


Астанада ер адам саябақта қызға тиісті деген күдікпен ұсталды

фото: Sputnik / Владимир Песня

ERNUR.KZ. Астана тұрғыны әлеуметтік желіде сіңлісіне саябақта ер адамның тиіскенін жазды, деп жазады sputnik.kz.

Айтуынша, оқиға 29 шілде күні таңертең болған. Бейтаныс адам қызды күшпен ұстап, жібермей қойған.
"Ол маңайдағы адамдардың назарын аудару үшін айқайлап, қарсылық білдірген. Осыдан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Сіңлім оны бейнекамераға түсіріп үлгерген", – деп жазды жәбірленушінің туысы.
Астана полиция департаменті күдікті ретінде 27 жастағы қала тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді.
"27 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.
Полицияның мәліметінше ер адамға ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғалған. Іс материалдары сот қарауына жіберілді.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.