Бүгінгі күні жанармай құю бекеттерінің көпшілігінде ыдысқа жанармай құюға болмайды.
фото: kolesa.kz
Көптеген тәжірибелі жүргізушілер түрлі себеппен жеке жанармай резервін жинақтайды. Бірақ, барлық дерлік жанармай бекеті ыдысқа бензин құйып бермейтіндіктен, бұл істі атқару үшін өз көліктерінің багын қолдануға тура келеді. Мұны істеу оңай емес...
Негізінде мұндай әдіс көбіне кеңестік кезеңде, одан кейін 2000-шы жылдары қолданылатын. Тиісінше, сол кезеңде көп адамды проблемадан құтқаратын. Сонымен бірге, гараждарда шиналар мен дискілер, май мен тосол жиналып тұратын. Өйткені, тапшылық жиі туындап, бұл қажетті заттардың құны жалақыдан да асып кететін кездер болған.
Бүгінгі күні жанармай құю бекеттерінің көпшілігінде ыдысқа жанармай құюға болмайды. Сондықтан жеке жанармай қорын жасақтаудың екі ғана жолы бар. Біріншісі – жанармай багына шланг салып қысыммен сору немесе электр сорғысының көмегіне жүгіну. Екіншісі - автомобильдің бензин сорғысын пайдалану.
БІРІНШІ НҰСҚА үшін жұқа, қатты және бензинге төзімді шланг қажет. Өйткені қазіргі автомобильдердің багына жанармай құюға арналған кәдімгі шлангтарды сала алмайсыз. Тәжірибелі жүргәзушілердің пікірінше қазіргі автомобильдерден жанармай алу үшін қатты полиэтилен түтігі оңтайлы. Мұндай түтік базарларда және пневматикалық жабдықтар дүкендерінде бір метрлік өлшеммен сатылады. Ал май сорып алу үшін кемінде 2,5-3 метрін алған дұрыс.
Сыртқы диаметрі 6 мм және ішкі диаметрі 4 мм болатын түтік кез келген көлікке жарамды. Кейбіріне сыртқы диаметрі 8 мм және ішкі диаметрі 6 мм болатын түтік те түсе береді. Алайда мұндай түтікпен бірнеше литр жанармайды құйып алуға біршама уақыт кетеді. Қосымша сорғыларсыз қырық минут немесе бір сағат жұмсалады екен.
Процесті бастамас бұрын техникалық құжаттамадан бакқа арналған магистральдың қалай жүргізілгенін анықтаған жөн. Мұны интернеттен де көруге болады. Әдетте, магистраль жолы күрделі көреді, бірақ көп жағдайда жұқа, қатты шланг бәрін еңсере алады. Дегенмен құбыр жанармайға жеткенге дейін оны қалай бұрау керектігін, сондай-ақ тұйық қай жерде екенін түсініп алған жөн. Айтпақшы, түтіктің ұшын пышақпен аздап үшкірлеу керек, бұл оның лабиринт арқылы өтуін жеңілдетеді.
Түтіктің отынға жеткенін анықтау қиын емес – итеру процесі кезінде мезгіл-мезгіл түтікті үрлеу жеткілікті. Ауаға қарсылық жоқ болса, әрі қарай итере беріңіз. Қарсылық пайда болып, гүрілдеген дыбыс естілгенде бірден итеруді тоқтатасыз.
Гравитация процесін бастау үшін сіз тағы да ауызды пайдалана аласыз немесе аквариумға арналған сорғы сияқты 12 вольтты құрылғыны қолдануға болады. Сонымен қатар, мұндай сорғыны ауырлық күшін іске қосу үшін де, жалпы процесті жеделдету үшін де пайдалана аласыз. Жанармай сорғы көмегімен кемінде үш есе тез шығады.
Бензинді резервуардан алудың тағы бір әдісі – автомобильдің бензин сорғысын пайдалану. Бірақ бұл жерде жұмыс машинаның сыртында ғана емес, кейбір жұмыстар салонда да орындалады.
Ең қарапайым нұсқа – артқы орындықты алып тастап, бензин сорғысының люгін ашып, түтікті ажырату және оған шланг жалғау. Бұл жағдайда жұқа және қатты полиэтилен түтіктер қажет болмайды. Бензин соруға төзімді кез келген құбыр жарамды. Ол арқылы 20 литрлік канистрді бес минутта толтырып алуға болады.
Қиындық – тек бензин сорғысына кернеу жеткізу. Сіз оның релесін монтаждау блогынан тауып, ашық контактілер арқылы кернеу жеткізесіз. Кейбір автомобильдерде сорғыны диагностикалық коннектор арқылы мәжбүрлеп іске қосуға болады, бірақ екеуі де электр туралы аз-маз білімді қажет етеді. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі туралы ұмытпау керек! Егер өз қабілеттеріңізге сенімді болмасаңыз, бірінші әдісті қолданған дұрыс.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Жазда көлік шанағын ҚАЛАЙ ТАЗАРТУ КЕРЕК?
Күн астында тұрған көлік қандай зардап шегеді? Корпус пен интерьерді қорғауға арналған кеңестер


