Жол апаты салдарынан КАМАЗ жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Коллаж: Kazinform / Nano Banana
ERNUR.KZ. Алматыда жүк көлігі пойызбен соқтығысты, деп жазады inform.kz.
Жол апаты салдарынан КАМАЗ жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жүк көлігіне айтарлықтай механикалық зақым келген.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасында іс тіркелді. Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
- Теміржол өткелі – қауіптілігі жоғары аймақ. Мұндағы бір ғана қателік орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Полицейлер жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту қағидаларын қатаң сақтауға және өткелден өту кезінде барынша мұқият болуға шақырады, - деп хабарлады департаменттен.


