Балқашта мыс қорыту зауытында жұмысшы қаза тапты

0
1 281

Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілген.


Балқашта мыс қорыту зауытында жұмысшы қаза тапты

ERNUR.KZ. Балқашта мыс балқыту зауытында ер адам қаза тапты, деп жазады sn.kz.

Қайғылы оқиға 1 қаңтар күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 54 жастағы азамат анод пешінде өзіне берілген жұмысты атқарып жатқан. Алайда, технологиялық процесс кезінде ол мыс балқытушы пештің қабырғасы мен кранның жүк көтергішінің арасында қысылып қалған.

Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілген. Балқаш қалалық ауруханасының жан сақтау бөлімінде науқас көз жұмды.

Қазір осы қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды.

«Тексеріс бүгіннен басталды. Түсініктеме алу, әңгіме жүргізу, куәгерлермен сөйлесіп жатырмыз. Тексеріс қорытындысын міндетті түрде жария етеміз», – дейді Қарағанды облыстық Еңбек инспекциясы басқармасының бақылау бөлім жетекшісі Ақниет Абжатов.