Жаңаөзенде 15 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті қолға түсті

0
130

15 қазанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.


Жаңаөзенде 15 миллион теңгенің алтын бұйымын ұрлаған күдікті қолға түсті

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде сауда орталығынан жалпы құны 15 миллион теңге болатын алтын бұйымды ұрлады деген күдікпен 19 жастағы жас жігіт ұсталды, деп жазады Zakon.kz.


10 қазанда күдікті сауда орталығының екінші қабатында орналасқан зергерлік бұйымдар бөліміне заңсыз кіріп, гауһар тастары бар 24 жұп алтын сырға мен 24 алтын сақинаны ұрлап кеткен.

Жәбірленуші бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау барысында ұрлық дерегін анықтаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңгені құрады.

15 қазанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Күдікті ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып жібергенін хабарлады. Қазіргі уақытта ұрланған бұйымдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.