Көлік бағасы төмендей береді – министр

0
124

Көлік бағасы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 11 процентке арзандаған.


Көлік бағасы төмендей береді – министр

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев нарықтағы көлік бағасына қатысты пікір білдірді, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстанда шығарылатын жеңіл көліктердің саны жыл сайын артып келеді. Министрдің айтуынша, Қостанай мен Алматыдағы зауыттар әлі толық өндірістік қуатын іске қосқан жоқ. Сондықтан өзімізде жасалған көліктер көбейе береді, баға арзандайды.
"Негізі, Қазақстанда жасалған көліктердің бағасы төмендеп келеді. Білуімше, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 11 процентке арзандаған. Оған қоса, сан алуан акциялар жарияланып тұрады. Сондықтан өзімізде шығарылған көліктер арзандай береді. Мені оны нақты айта аламын", - деді Нағаспаев үкіметтегі брифингте.
Министр жыл соңында дәстүрлі жеңілдіктер басталатынын да еске салды. Биылғы модельдер арзан бағамен сатылады. Себебі көлік жүргізушілерінің көбісі жаңа модельді алғанды қалайды.