Балқаштағы жарылыс видеоға түсіп қалды: ТЖД түсініктемесі

0
130

ТЖБ жедел тобы жарылыс шамамен сағат 10:30-да қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі "НЕГІЗ-Д" ЖШС-не тиесілі тас карьері аумағында болғанын анықтады.


Балқаштағы жарылыс видеоға түсіп қалды: ТЖД түсініктемесі

Балқаштағы жарылыс. Видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Желіде Балқашта болған жарылыстың видеосы тарады. Тас карьері аумағында жоспарлы жарылыс жұмыстары жүргізілгені белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар басқармасы Балқашта қаласындағы тас карьері аумағында жоспарлы жарылыс жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 1 қазан сағат 14:34-те әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында құтқарушылар Instagram-нан Балқаштағы жарылыс туралы жазбаны анықтаған.

ТЖБ жедел тобы жарылыс шамамен сағат 10:30-да қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі "НЕГІЗ-Д" ЖШС-не тиесілі тас карьері аумағында болғанын анықтады.

Бұл уақытта "Burtranscompany" ЖШС мердігер ұйымы карьерде тау жыныстарын ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізген.

"Жұмыстар белгіленген кесте бойынша және тиісті рұқсатпен жүргізілді", - делінген Балқаш төтенше жағдайлар басқармасының хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ.