Бангладеште Қазақстан азаматтарын пышақтап кетті

0
737

Бірі оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жеткізілді.


Бангладеште Қазақстан азаматтарын пышақтап кетті

ERNUR.KZ. Бангладеште Қазақстан азаматы көз жұмды, тағы бірі ауыр жарақатпен аурухана жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Рооппур атом электр стансасының құрылысы жүріп жатқан Ишварди шағын ауданында орын алған. Жергілікті полиция оқиғадан кейін үш Беларусь азаматының ұсталғанын хабарлады.

Владимир Шовец 26 наурыз күні кешке құрылыс алаңының жанындағы тұрғын ауданда қаза тапты. Қазақстан Республикасының тағы бір азаматы жараланып, ол Даккаға емделуге жіберілді.

Куәгерлердің айтуынша, сағат 18:00 шамасында Беларусь мемлекетінің үш азаматы мен Шовец арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Екінші қазақстандық та сонда болды. Шовец оқиға орнында көз жұмды.

Полицейлер марқұмның мердігер компанияда бригадир болып жұмыс істегенін айтты. Полиция инспекторы тергеу барысында тіл мәселесіне байланысты сұрақтарды түсінуде қиындықтар туындайтынын хабарлады.