26 сәуірден бастап елімізде отандық екпе салына бастайды.
Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
"QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!" - дейді Тоқаев.